Жаңатастағы 5 баланың өмірін қиған өрт: Әкім қызметінен босатылды
5 періштенің бірдей өмірін қиған қайғылы оқиғадан кейін аудан әкімі қызметінен кетті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

"Қазақстан Республикасы президенті әкімшілігінің келісімі бойынша Жамбыл облысы әкімінің өкіміне сәйкес, Жақсылықов Бақытжан Алпысұлы Сарысу ауданы әкімінің қызметінен босатылды", - делінген хабарламада.
Еске сала кетсек, 19 ақпан күні Жамбыл облысы, Жаңатас қаласының шағын ауданында орналасқан көпқабатты үйден өрт шықты. Салдарынан бір отбасының 5 бірдей баласы мерт болды.
"Қолымнан айырылып қалу алдында тұрмын": МӘМС арқылы уақытылы көмек ала алмаған қазақстандық ота кезегінің ұзаққа созылғанына наразы
"Жарты жылдан астам уақыттан бері ізімнен қалар емес": Сталкингтің қауіпті белгілері және одан қалай қорғануға болады?
Психолог сталкерлердің бастапқыда байқалмайтын белгілерін атады