Жанар Дұғалова тойға аз шақырылатынын мойындады
«Turkvizyon-2014» байқауында жеңіске жетіп, күллі түркі әлемін мойындатқан әнші Жанар Дұғалова тойға аз шақырылатынын мойындады. Әншінің пайымдауынша, оған себеп – репертуарында той әндерінің аз болуы.
«Мүмкін менің репертуарымда тойға арналған, тойда жақсы естілетін, халық билей алатын әндер аз шығар. Сондықтан да болар… Бірақ кейде шығамын, әрине», – деді ол Астана арнасының «Ел аузында» бағдарламасына берген сұхбатында.
Десе де «той бизнестің емес, шоу бизнестің өкілімін» дейтін Жанар тойға жиі шығатын әншілерге де мін тағуға болмайтынын мәлімдеді.
«Әр адам өз таңдауын жасайды. Әр әншінің өз тыңдармандары бар. Ол да ақша табудың көзі ғой. Біреуге «Неге тойдың әнін айта бересің?» – деп айта алмаймыз. Өйткені әр әншінің өзінің бала-шағасы, ата-анасы бар. Менің ойымша, ең бастысы, той әні мен үлкен сахналарда айтылатын әндерді репертуарда ұштастыра білу керек», – деп түсіндірді ол.
Жалпы Дұғалованың көңіл қалауы да той бизнестен алшақтау болып шықты.
«Тойға қарағанда үлкен концерттерге жиі шығамын. Себебі үлкен сахнаға шығуды көбірек ұнатамын», – дейді ол.
Жіберіп алмаңыз:
14 жасында «Жас қанат» байқауының жеңімпазы атанған Жанар Дұғалова (видео)
Анасы: Жанар өзі аш қалса да, бар ақшасын қайыршыларға беретін
Ұстазы Мейрамбектің жастай «қайын ата» атануының себебін түсіндірді
Асхат Тарғын бұрынғы әйелімен қызғаныштың кесірінен ажырасқанын айтты