Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Жанар Дұғалова өмірдегі жалғыз махаббаты жайлы айтты

Жанар Дұғалова өмірде жалғыз махаббаты болғанын айтты. Әнші сүйіктісінен балалық қателігінің кесірінен айырылып қалған. Ол шақта Жанар әлі талай жігітті кездестіремін деп ойлаған. Алайда уақыт өте келе өзінің қателік жасағанын түсінген.

Жанар Дұғалова

Бұл туралы Майя Бекбаеваның “Одна история” бағдарламасында айтылды, деп хабарлайды Stan.kz ақпараттық агенттігі.

“Бұл өмірден өтіп кетсем де өкінбеймін. Себебі өмірім бос өткен жоқ. Мен нағыз махаббаттың не екенін білемін. Басымнан өтті. Көптеген махаббат хикаялары жайлы айтып бере алмаймын. Себебі өмірімде жалғыз үлкен махаббат болды”, – дейді Жанар.

Дұғалова не себепті алғашқы махаббатымен айырылысқанын түсіндірді.

“Мен қазірдің өзінде бала сияқтымын, ол кезде тіптен бала едім. Әлі өмірім алда, талай мәрте бұл сезімді бастан кешіремін деп ойлайтынмын. Белгілі бір дәрежеде қателік жібердім деп ойлаймын. Бір жағынан, егер махаббатты таңдасам, менің шығармашылық жолым басқаша қалыптасар ма еді?! Мүмкін мүлдем қалыптаспас еді. Алайда мен қашан да сахна үшін жаралғанымды түсінетінмін”, – дейді Дұғалова.

Жанардың көз алдында бүгінде ер адамның озық үлгісі бар. Ол – қашан да анасын құрметтеп, сыйлап келе жатқан әкесі. Бүгінде өнер иесі асқар тауына ұқсайтын адамды іздеп жүргенін айтады.

“Мен бала кезімнен махаббаттың ең озық үлгісіне куә болып өстім. Бейсаналы түрде әкеме ұқсайтын азаматты іздеп жүрген сияқтымын. Бір сөзбен айтқанда, болашақ күйеуімнің отбасы институты деген түсінікке толықтай сай келгенін қалаймын. Менің түсінігімде, тепе-теңдік деген дұрыс емес. Шығыс әйелі ретінде, ер адам үйдің басшысы дегенді қолдаймын. Өзім сондай отбасында өстім. Ақылды азамат отбасында басшы болып қана қоймай, әйелінің бостандығын шектемейді деп ойлаймын”, – дейді Жанар.

Еске сала кетейік, бұған дейін Жанар дөкейдің көңілдесі болмай-ақ табысқа жетуге болатынын айтқан еді.

Қазақстандық жұлдыздардың өмірі жайлы t.me/kzshow арнамыздан оқыңыздар.

Талқылау