Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Жанар Дұғалова күйеу жігітіне қоятын 5 талабын атады

Жақында Жанар Дұғалованың тұрмысқа шығатыны жайлы ақпарат желі де желдей ескен еді. Бірақ жеке өміріне қатысты жаңалыққа мардымды жауап бермеген әнші Stan.kz ақпараттық агентігінің тілшісіне берген эксклюзивті сұхбатта алдағы жоспарын айтып, жұртқа өз жауабын берді.

Жанар Дұғалова

«Әрине тұрмысқа шығамын. Менің жасым 31-де. Бірақ жақында дегенім, 1-2 жылда тұрмысқа шығамын деген сөз. Кейбір журналистер монтаждап шығарып қойыпты. «Жанар, тұрмысқа шығайын деп жатырсың ба? Тойға неге шақырмайсың?» – деп сол күні телефоныма хабарласпаған дос қалмады ғой. Бірақ биыл той жоқ», – дейді Жанар Дұғалова.

Жанарға романтикалық хаттар жолдап, сезімін білдіретін серілердің санында шек жоқ. Тіпті тосынсыймен қуантатын табуыншылары да жетерлік. Алайда бикеш жүрегінің жартысын әлі күнге дейін жолықтырмағанын айтады. Бірақ Дұғалованы бақытты етуге ниетті ер азаматтарға әншінің қояр талаптары көп.

«Ең біріншіден мен ол адамды шынымен жақсы көруім керек. Сүюім керек. Ол ең басты талап. Ол Құдайға сену керек. Сабырлы болу керек. Өйткені мен сабырсызбын. Маған сабыр жетіспейді. Тазалықты жақсы көру керек. Кішкентай балаларды жақсы көру керек және білімді болу керек», – дейді Жанар.

Биыл Жанар 31 жаста. Отбасында үйдің тұңғышы. Ақ келін атануға асықпайтын қыздарын әке-шешесі де жиі мазаламайды екен. Өйткен әншілік мансабындағы жоспарына кедергісін келтіргісі келмейді.  Бірақ немерелі болуды армандайтын ата-ана, анда-санда қыздарының болашақ ана екенін есіне салып қоятын көрінеді.

«Біздің отбасымызда тұрмысқа шығу тақырыбы жиі талқыға түседі деп айта алмаймын. Менің ата-анам өте заманауи адамдар. Мен қашан тұрмысқа шыққым келеді, сол кезде шығамын. Және де олар менің кез-келген шешімімді қабылдайды әрі қолдайды. Бірақ әрине немере сүйгілері келеді. Оны жасырмайды. Бәрі өз уақытымен», – дейді Дұғалова.

Айта кетейік, әлеуметтік желі қолданушылары Жанарды Тәуекел Мүсіліммен жұптастырып, тіпті шаңырақ көтереді деп топшылаған. Жарнамаға түсіп, бейнебаянда бірге бой көрсеткен жұлдыздар өмірде дос, өнерде әріптес екендерін айтқан-ды! Сондай-ақ, Дұғалова мен қырғыз композиторы Мейірбек Атабековтің түскен суреттері де елдің талқысына түскен еді. Алайда, айыр қалпақты азамат пен қазақ қызын байланыстырған тек шығармашылық болып шықты.

Ескерту! Материалды көшіріп басуға қатаң түрде тыйым салынады!

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау