Жаңаөзенде жүзге жуық ер адам қала әкімдігі ғимаратының алдына жиналды
Жаңаөзенде жергілікті тұрғындарды жұмысқа орналастыруды талап етті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

telegram.org/@yyedilov видеосынан кадр
Олардың айтуынша, қалада жергілікті халыққа жұмыс орны жетіспейді. Сонымен қатар, наразылық білдірушілер қытайлық кәсіпорындардың ашылуына қарсы шықты.
Қала әкімі Әділбек Дауылбаев тұрғындарға барып, ұсыныстар айтты. Әкім бірнеше белсендіні облыс орталығындағы кездесуге шақырды. Алайда қала тұрғындары бұл ұсыныстан бас тартып, биліктен 24 сағат ішінде олардың талаптарын орындауды талап етті.
Жергілікті тұрғындар әкімдіктен 3 қыркүйек күні таңертең ақпарат алғысы келеді.
"Өзін құрбан ету үшін "айналайын" деп дауыстаған": Қазақтың қандай салт-дәстүрі мен ұғымдары ұмыт болды
Тарихшы: "Ауру адамды киіз үйдің ортасына жатқызып, қарт кісі үш рет айналып, есікке келгенде “айналайын” деп дауыстайды"
"Туған күнімді үкімет жасап береді": Наурызды ерекше атап өтетін қазақстандықтар қызық оқиғаларын бөлісті
Наурыз: “Есімім Наурыз, 22 наурыз туған күнім”