Жаңаөзенде жауған жаңбыр қала тіршілігін тұралатып тастады
Жаңаөзенде үздіксіз жауған жауын кесірінен, қала көшелері суға толып шалшыққа айналды.
Сурет әлеуметтік желіден алынды
Осылайша қала тұрғындары жүзіп, малтып жүруге мәжбүр болып, “жағажай маусымын” ерте бастап кетті. Қала көшелеріндегі көріністерді тұрғындар суретке түсіріп, әлеуметтік желілерге жариялаған.
Қаладағы шектен тыс жаңбыр суының толып кетуі көлік қозғалысына да әжептәуір кедергі келтіріп отыр. Тіпті біраз көліктердің ішкі салонына да лас су толып, қозғалтқыштары істен шығып қалған.
Жаңаөзенде бір тәулік ішінде 64 мм жаңбыр жауған. Жауын-шашын кесірінен қалада электр энергиясы да тоқтап қалған. Жауын әсерінен пайда болған келеңсіздіктерді жою үшін қалалық әкімдікте арнайы жедел штаб құрылған. Қазір қаланы ретке келтіру үшін 65 бірлік техника мен 90 адам жұмыс істеп жатыр.
Талқылау