Жаңаөзенде ер адам үстіне бензин құйып, өз-өзін өртеп жіберді
Маңғыстау облысында үстіне бензин құйып өз-өзін өртеген ер адам жансақтау бөлімінде ауыр халде жатыр.
Бұл туралы “Лада” хабарлайды.
Оқиға 15 қыркүйек күні болыпты. Қатты күйік шалған зардап шегуші алдымен орталық ауруханаға, сосын тікұшақпен облыстық ауруханаға жеткізілген.
Облыстық аурухананың травматология және ортопедия бөлімінің меңгерушісі Жансерік Шаухымбердиевтің айтуынша, ер адам ауруханаға түскен кезде мас күйде болған.
“Денесінің 55 пайызы күйіп қалған, қатты күйік мөлшері – 35 пайыз. Жасанды демалу құрылғысымен жансақтау бөлімінде күйікті емдеу төсегінде жатыр”, — дейді Жансерік Шаухымбердиев.
Дәрігерлердің айтуынша ауыр халде жатқан ер адамның жағдайы оңалу үшін кемі 3-4 апта уақыт керек. Беті бері қарағанына қарамастан, оның бауыры мен бүйрегі істен шығуы мүмкін.
Оқи отырыңыз:
Шымкентте дәмханадан шыққан өрт үйлерге өтіп кетті (видео)
Алматыда 23 жастағы жігіт әйел адамды қағып өлтірді
Астана полицейлері 8-қабаттан секірмек болған қызды құтқарды
Мексидағы жер сілкінісінен қаза тапқандардың саны 273 адамға жетті