Жаңаөзен тұрғындары әкімдік алдында митингке шықты
Жаңаөзен қаласы әкімдігінің алдына қарапайым тұрғындар мен "БатысГеофизСервис" ЖШС-нің бұрынғы жұмысшылары ереуілге шыққан, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Қала тұрғындарының айтуынша, халық жұмыссыздықтан зардап шегеді. Олардың айтуынша, жергілікті билік биыл қаңтар айынан бері қол қусырып отыр. Бұған дейін ереуілге шыққан "БатысГеофизСервис" ЖШС қызметкерлері жұмыстан шығарылды. Шарасыздықтан олар отбасыларымен ереуілге шықты, құр алақан қалған.
Lada.kz басылымы мәліметінше, ереуілшілерге әкімшілік пен полиция өкілдері шыққан. Билік өкілдері аумақты босатуды талап етті. Шенеуніктер мәселені шешіп беруге қатысты ештеңе айтпаған.
“Оның қанша уақытқа созылатынын білмейміз. Біздің мәселемізді шешкенше соңына дейін тұрамыз” – дейді ереуілшілер.
Жергілікті әкімдік оқиға қатысты кейінірек түсіндірме беретінін хабарлаған.
"Дәрінің құны 1,5 миллиард теңге": Бұлшықеті әлсіз қазақстандық бүлдіршінге денсаулық сақтау министрлігі көмек көрсетуден бас тартқан
Дәрігерлер қателесіп, 4 ай бойы баланы бауыр фиброзынан емдеген
Қазақстан әйелдерінің үйдегі тегін еңбегінің құны қанша: Есептеп көрдік
Оқырман: "Әйелдер де күнделікті тұрмыстан шаршайды, кейде демалып алғысы келеді"