Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Жаңалықтар мен ғылыми жарияланымдар ЛГБТ насихатына жатпайды – министрлік

Жаңалықтар мен ғылыми жарияланымдар ЛГБТ насихатына жатпайды – министрлік

Фото: depositphotos.com

Мәдениет және ақпарат министрлігі "насихат" ұғымын, әсіресе ЛГБТ-ға қатысты, "оң баға беру және оған қосылуға үндеу жасау" ретінде айқындайтынын мәлімдеді. Ал жаңалық, ғылыми және статистикалық жарияланымдар заң бұзушылық болып саналмайды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Bes.media басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

"Дәстүрлі емес сексуалдық бағдарды насихаттау деген - дәстүрлі емес сексуалдық бағдар туралы ақпаратты бұқаралық түрде немесе бұқаралық ақпарат құралдары, онлайн-платформалар мен телекоммуникациялық желілер арқылы, оның ішінде белгісіз тұлғалар тобына арнап әдейі бұрмаланған түрде тарату, сондай-ақ оң қоғамдық пікір қалыптастыру мақсатында тарату", – делінген жауапта.

Министрлік оң көзқарас қалыптастыру ниетінің маңыздылығын ерекше атап өтті. Яғни дәстүрлі емес сексуалдық бағдарға немесе педофилияға қатысты жағымды имидж қалыптастыру мақсатында таратылған кез келген ақпарат насихат ретінде жіктеледі.


ЛГБТ-ны насихаттауға тыйым салу туралы заң: Қазақстандықтар қандай әрекеті үшін жазаланады


Сонымен қатар, егер контентте тек мысалдар, статистика және ұқсас ақпарат қана берілсе, онда мұндай ақпаратты таратушы жауапкершілікке тартылмайды. Бұл ғылыми және білім беру контентіне де қатысты.

"Ғылыми және білім беру контентінде дәстүрлі емес сексуалдық бағдарға қатысты мысалдар, фактілер, сандар, статистика және өзге де ақпарат насихатсыз берілуі мүмкін. Алайда жоғарыда аталған негіздерге сәйкес, мұндай контентте ЛГБТ-ға қатысты насихат, үгіт немесе оң пікір қалыптастыру болмауы тиіс", – деп түсіндірді министрлік.

Заңның пайдаланушылар жасаған контентке де қолданылады. Посттар, репосттар және пікірлер ақпарат таратуға теңестіріледі. Сондықтан жеке тұлғалар да жауапкершілікке тартылуы мүмкін.

Еске салсақ, осыған дейін мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев "ЛГБТ-ны насихаттауға тыйым салу” туралы заңды мақұлдап, қол қойген еді.

Дана Русланқызы
Сейсенбі, 03 Наурыз, 2026 18:36