"Жаңалығымыз бар": Олжас Абай әріптесі Бадықова туралы жазбасымен елді қызықтырып қойды

Танымал актер Олжас Абай жеке парақшасында жазба жариялап, оқырманын ойландырып қойды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Өнер иесі халыққа рақмет айтты.
“Біздің шығармашылығымызды жоғары бағалап, бізбен бірге жеңіске жетіп келе жатқан, талғамы биік көрермендерге көп алғыс айтамын. “Ыстық ұя” фильмі жай ғана драма емес, қоғамның бір айнасы екенін өздеріңіз дәлелдеп бердіңіздер. Рақмет! Алдағы жаңалық бұдан да шынайы, бұдан да қызық болмақ", – деп жазды актер.
Желі қолданушылары актердің жеке басына қатысты болжам жасап жатыр.
“Ендігі жаңалық үйлену той ма?", "Сөз салуды ұйымдастырып жатыр-ау”, "Енді жасыра бермей айтыңыздар, тиіспейміз", "Ең бастысы бақыттысыңдар!", "Әдемі жұпсыңдар, әкпеме жездем сай", “Ештеңеге қарамай бақытты болыңдар” – деп жазды көпшілік.
Қазақстандық төреші Олимпиадада ресейлік спортшының балын негізсіз көтеріп, өз елінің спортшыларына төмен ұпай қойған
Дегенмен ресейлік спортшы екі бағдарлама қорытындысы бойынша жалпы есепте алтыншы орын алды
Қазақстандықтар үшін шетелге демалуға ең тиімді айлар аталды
Компания өкілі: "Демалысты кемінде үш ай бұрын брондау арқылы туристер тур құнын 40 пайызға дейін үнемдей алады"