Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Жаңа жылдан бастап елімізде жаңа үлгідегі Елтаңба енгізіледі

2016 жылдың 1 қаңтарынан елімізде жаңа үлгідегі Елтаңба енгізіледі. Жаңа  жылдан бастап барлық жерде стандарттағы елтаңбаны ауыстыру жүргізіледі. Ескісі 2017 жылға дейін қолданыла береді.

таңба

Бұл туралы бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингте ҚР Мемлекеттік Елтаңбаның авторы Жандарбек Мәлібеков айтты.

«Біздің мемлекеттік символдарымыз еліміздің заңдарымен, Конституциямызбен бекітілген. Дегенмен, Қазақстанның мемлекеттік Елтаңбасына қазіргі технологияларға, бүгінгі күнгі көптеген өзгерістерге байланысты өлшемдерді, модельдерді, 3D модельденуі ретке келтіріп, атаулары нақты енгізіледі. Бірақ, толықтай алғанда мемлекеттік рәміздерімізге еш өзгеріс енгізілмейді», – деді ол.

Оның атап өтуінше, 2016 жылдың 1 қаңтарынан бастап жаңа үлгіде, стандарттағы Елтаңбамыз енгізілетін болады. 2017 жылға дейін ескі үлгідегі Елтаңба қолданыла береді. Бірақ, 2017 жылдан бастап ескі Елтаңбаны ауыстыру қажет.

«Енді жаңа Елтаңбаның өзгерістеріне тоқталсам, бірден айтайын, жаңа Елтаңбаның өлшемдерін, жаңа нұсқасын дайындау оңайға түскен жоқ. 5-6 жыл уақыт кетті. Дегенмен, ол жаңа құралдар, технологиялар бойынша жасалды. Біріншіден, қазіргі қолданылып жүрген Елтаңбаның еш атауы жоқ. Оған көз салғанда қай жерінде не тұрғаны белгісіз. Сондықтан 40-тан астам атау бердік. Әр атаудың өзіндік өлшемі, өз орны, сипаттамасы бар», – деді Ж.Мәлібеков.

Талқылау