"10 мың теңгеден асады": 2024 жылы бешбармақ бағасы қаншалықты қымбаттады
Қазақстанда бағаның өсуі 15 желтоқсанда (Тәуелсіздік күніне дейін) басталып, Жаңа жыл алдындағы аптада шарықтау шегіне жетеді. Осы орайда Stan.kz қазақтың ұлттық тағамы Бешбармақ бағасы 2023 жылы қанша болғанын және 2024 жылы қаншалықты өскенін анықтап көрді.
Фото: blog.ostrovok.ru
Деректерге сәйкес, 2023 жылы сиыр етінің бағасы 64 пайызға өскен. Өткен жылдың желтоқсанында бір келі сиыр мен қой етінің бағасы 3 990-4 590 теңге болған.
2023 жылы жылқы етінің бағасы Ақтөбе облысында 3900 теңге, ал Астанада 4590 теңге болған. Осылайша жылқы етінің орташа бағасы 5 110 теңге шыққан. Ең арзан ингредиенттер - пияз бен картоп. Алайда олардың бағасы әр аймақта әртүрлі. Ең арзан пияз Астанада, келісі 130 теңге, ең қымбаты Шымкентте келісі 260 теңге. Осылайша пияздың орташа бағасы 155 теңге болған. Ең арзан картоп Павлодар және Батыс Қазақстан облыстарында (180 теңге). Ең қымбаты Шымкент пен Маңғыстау облысында (250 теңге). Оның орташа бағасы 214 теңге. Ал ұнның 2 келісі Алматы супермаркеттерінде 565 теңгеге сатылған.
Фото: Stan.kz
Ал 2024 жылы Жаңа жылдық Бешбармақ бағасы азаматтардың сатып алу қабілетінің төмендегенін көрсетеді. Ұлттық тағам бағасы 25 желтоқсандағы жағдай бойынша 39,2 деңгейге жеткен. Ал наурыз айындағы баға 3,7 еді. Демек соңғы тоғыз айда орташа қазақ отбасыларының ұлттық тағамды дайындау мүмкіндігі төрт есеге кеміген.
Бешбармақ бағасының қаншалықты өскенін анықтау үшін сиыр еті, қой еті және сүйекті жылқы еті, ұн, жұмыртқа, картоп және пияз бағасын есепке алдық. Олардың құны Ұлттық статистика бюросының қараша айындағы мәліметтері бойынша анықталды. Кез келген азық-түлік дүкенінен табылмайтындықтан, қазы есептеуге кірмейді. Екі порцияның шамамен құны (қазысыз) 9,1 мың теңге.
Ал жалпы бешбармақ ингредиенттерінің бағасына тоқталсақ. Жылқы еті 6 300 теңге, қой еті 4 900 теңге болды. Ал ұнның 1 келісі 530 теңге, картоп келісі 350 теңге, пияз бағасы 230 теңге болған. 2024 жылы доллар бағасының күрт көтерілгенін есептесек, өңірлерде азық-түлік бағасының өткен жылмен салыстырғанда айтарлықтай өскенін байқайсыз. Сонымен қазақтың ұлттық тағамы бешбармақтың қай өңірлерді ең қымбат деп танылғанына тоқталсақ.
Бешбармақ қай жерде ең қымбат?
- Алматы: 10,3 мың теңге;
- Астана: 10 мың теңге;
- Қарағанды: 10 мың теңге.
Бешбармақ бағасы арзан өңірлер:
- Орал қаласы: 7,8 мың теңге;
- Түркістан және Қызылорда: 8,2 мың теңге.
Орташа табыспен бешбармақты қанша рет пісіруге болады?
- Атырау: орташа жалақымен 67 рет бесбармақ пісіруге болады;
- Астана: 50 рет;
- Алматы: 46 рет;
- Орал: 40 рет;
- Талдықорған және Қонаев: әрқайсысы 30 рет.
Осылайша бешбармақ бағасы аймаққа байланысты айтарлықтай өзгереді. Бұл дәстүрлі тағамды дайындау Орал қаласында арзан болып шықты. Ал Алматы мен Астанада керісінше құны жоғары. Бірақ бұл қалалардағы жалақымен салыстырғанда басқа аумақтарда бешбармақты бірнеше есе көп пісіруге болады.