Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Жаңа жыл түтінде Алматыны қалың тұман басты

Жаңа жыл түнінде Алматы мен қала маңын қалың тұман басты. Тұман салдарынан ондаған көлік жол апатына түсті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: Stan.kz

Мәліметтерге сенсек, Жаңа жылдың түнінде қалың тұман Алматы мен оның маңайын басып алды. Көріну қашықтығы бірнеше метрге дейін төмендеді. Тұрғын үйлер, аулалар мен көшелер қалың тұманның арасында қалды. Осындай табиғи құбылыс Қаскелеңде де байқалды.

Жаңа жылдың басталуы қалаға ерекше көрініс сыйлағанымен, тұман мен көктайғақ қозғалысқа белгілі бір қиындықтар тудырды. Кris_p_almaty_official телеграм арнасы Алматыда қалың тұман 01:45-те толығымен жайылғанын жазған. Басылымда Саин көшесінен төмен қарай (Жұбанов көпірінің астында) жол жабық екені айтылды. Арна жариялаған видеода белгісіз ер адамның тұман салдарынан ондаған көліктің бірінің артына бірі соғылғанын айтқан.

Еске салайық, бұған дейін Қазгидромет 1 қаңтар күні Алматыда ауыспалы бұлтты, жауын-шашынсыз ауа райы болатынын болжаған еді. Сонымен қатар кей жерлерде тұман мен жолдарда көктайғақ болатыны айтылған.

Батыс бағыттағы желдің жылдамдығы метр секундына 2-7 шамасында болды. Ауа температурасы түнде -1...-3°C суықты, ал күндіз +1...+3°C жылылықты көрсетті.

 

Талқылау