Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Жаңа вице-премьер Бозымбаев қандай мәселелермен айналысады - Ақорда түсіндірді

Жаңа вице-премьер Қанат Бозымбаев өңірлік саясат, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, төтенше жағдайлар және су ресурстары мәселелерін басқарады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Энергетика министрінің жол апатына ұшырағаны туралы ақпарат пайда болды. Министрлік жауабы

Фото ашық дереккөзден

Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли вице-премьердің қандай міндет атқаратынын түсіндірді.

“Мемлекет басшысының Жарлығымен Қазақстан Республикасы премьер-министрінің орынбасары болып тағайындалған Қанат Алдабергенұлы Бозымбаев өңірлік саясат, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, төтенше жағдайлар және су ресурстары мәселелеріне жетекшілік ететін болады”, – делінген ақпаратта.

Естеріңізге сала кетейік, 31 наурызда Бозымбаев жаңа қызметке тағайындалған.



Бозымбаев әртүрлі жылдар ішінде Алматы қаласы әкімінің көмекшісі, экономика және сауда министрлігінің аймақтық саясат басқармасының бастығы, "ҚазТрансОйл" компаниясында экономика мәселелері жөніндегі вице-президенті қызметтерін атқарып, 2016 жылы энергетика министрлігін басқарғанға дейін түрлі қызметтерді атқарған. Сонымен қатар, Бозымбаев президенттің көмекшісі, Павлодар, Жамбыл және Алматы облыстарының әкімі болған. Қазақстандағы қаңтар оқиғасы кезінде Алматы облысын басқарды. Ол бұл қызметтен 2022 жылдың маусым айында кеткен, содан кейін ол бір жылдан астам мемлекеттік қызметте болған жоқ.

"Құрмет" орденімен (2005 жылы) және "Еуразиялық экономикалық одақтың дамуына қосқан үлесі үшін" медалімен марапатталған (29.05.2019). ТМД-ның еңбек сіңірген энергетикі.

Талқылау