Жаңа Салық кодексі: Қазақстанда такси қызметі 40 пайызға қымбаттайды
Фото: depositphotos.com
Қазақстанда такси бағасы 40%-ға өспек. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Жетінші арнаға сілтеме жасап хабарлайды.
Тасылмалдаушы компаниялардың айтуынша, бағаның өсіуіне жаңа салық кодексі әсер етеді. Салық жүйесіндегі өзгерістер такси көліктерін жалға алу құнына айтарлықтай әсер етеді.
"Салық өссе, жігіттер есептеп көрді, жүктеме 6,5 есе көбейеді. Қазір мен көлікті күніне 17 мың теңгеге жалға аламын, ал алты есе көбейгенін елестетудің өзі қиын. Егер күніне жалға 17 мың теңге төленсе, жұмыс істеу үшін жанармай мен тамақты қосқанда 23-25 мың теңге қажет. Одан бөлек, үйге 5-10 мың теңге пайда алып баруың керек, 10 мың теңге апару бұл мереке деген сөз", – дейді такси жүргізушісі Махамбет Айтқожин.
Көліктерді такси парктері жалға береді. Тасымалдаушы компаниялардың өкілдері бағаны көтеруге мәжбүр болатынын айтады. Қазір ескі салық мөлшерлемесі бойынша такси партері жеңілдетілген режимде 4% салық төлейді. Жаңа кодекс бойынша мөлшерлеме 30%-ға дейін өседі. Кәсіпкерлер жаңа салық такси құнына міндетті түрде әсер етеді деген пікірде.
2026 жылдан бастап айыппұлдар мен утиль алымының мөлшері қанша болады
"Қазір Алматыдағы барлық сапарлардың шамамен 40%-ы жалға алынған көліктерге тиесілі, яғни такси жүргізушілеріннің өздері жеке көлік сатып алуға немесе несиеге алуға мүмкіндігі жоқ. Сондықтан олар автопарктер мен жалға беру компанияларынан көлік алады", – дейді таксопарктер мен курьерлік қызметтер ассоциациясының төрағасы Мейрамбек Әбелқасов.
Таксопарк басшылары бағаны көтергілері келмесе де, көтеруге мәжбүр екендерін айтады.
"Біз көліктерді жалға беру бағасын шамамен 40%-ға көтеруге мәжбүр боламыз. Бұл бірден қарапайым жүргізушілерге әсер етеді. Басқа жол жоқ", – дейді таксопарк басшысы Ілияc Оспанов.
Такси жүргізушілері мен таксопарк өкілдері мемлекеттік органдарға жеңілдетілген салық режимін қалдыру туралы өтінішпен жүгінді. Олардың айтуынша, мәселе тек кәсіптеріне емес, сонымен қатар миллиондаған қазақстандық үшін такси қызметінің қолжетімділігіне байланысты. Сарапшылар бұл мәселені дәл қазір шешу қажет екенін айтып, дабыл қақты.
Еске салсақ, бұған дейін Тоқаев 2026 жылы күшіне ететін жаңа Салық кодексіне қол қойған еді.

“50 жыл басқа елде тұрған ата-анам артымнан еріп, көшіп келді”: Қазаққа келін болып түскен корейлік ару жаңа отбасы туралы айтып берді
