Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар
Басты жаңалықтар

Жаңа оқу жылында үкімет гранттар санын шамамен 40 мыңға қысқартты

Фото: Ru.freepik.com

Биыл Үкімет гранттар санын 3 есе қысқартты. Сол себепті жаңа оқу жылында мемлекеттік тапсырыс негізінде білім алатын студенттер саны айтарлықтай азаюы мүмкін. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі 31 арнаның Информбюро жаңалықтар қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Биыл 220 мыңға жуық талапкерлерге небәрі 71 844 грант бөлінеді. Ал 2024 жылы жоғары оқу орындарында оқуға 112 мың грант бөлінген еді.

“2030 жылға дейін ел экономикасына шамамен 885 мыңдай білікті маман керек болады. Әсіресе, инженерлік салада қызмет ететін кадрлар ауадай қажет. Нақтырақ айтсақ, 529 мың 977 маман. Сондай-ақ нарықта педагогтерге деген сұраныс та сақталады. Мұғалімдердің қажеттілік үлесі – 21%. Бұл 185 мыңнан астам талапкер мұғалім мамандығын таңдауға тиіс деген сөз”, – дейді министрліктегілер.


Мектеп түлектері енді "Болашақ" бағдарламасымен оқи алады: Дегенмен грантқа өтінішті барлығы бере алмайды


Жаңа оқу жылында инженерлік, қайта өңдеу және құрылыс секторларына басымдық берілгелі отыр. Сәйкесінше, 20 878 талапкер мемлекеттік тапсырыс негізінде оқуға мүмкіндік алады. Ал педагогтер үшін 17 898 грант қарастырылған. Үшінші орында ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласы. Бұл секторға 12 087 грант бөлінбек.

Бұған дейін Асхат Аймағамбетов магистратура мен докторантураға қабылдау ережелерін өзгертуді ұсынған еді. 

Айым Болатқызы
Сейсенбі, 29 Сәуір, 2025 08:35
Талқылау