Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Жаңа Конституцияда мәжбүрлі некеден қорғауды бекіту ұсынылды

Жаңа Конституцияда мәжбүрлі некеден қорғауды бекіту ұсынылдыФото: ЖИ

Адам құқықтары бойынша уәкіл Артур Ластаев Қазақстанның жаңа Конституция жобасында мәжбүрлі, мемлекеттік тіркеуде жоқ, діни рәсімдерге негізделген некеден қорғауды бекітуді ұсынды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі  хабарлайды. 

Артур Ластаевтың айтуынша, ұсынылып отырған өзгертулердің негізгі элементі – әйелдер мен балалар құқықтарын қорғаудың кепілі болатын мемлекеттің зайырлы сипатын сақтау.

“Зайырлы сипат елдегі институттық тепе-теңдікті нығайтады және әйелдер мен балалардың құқықтары діни доктриналардың кесірінен бұзылмайтынына кепілдік береді. Бұл әсіресе қалыңдық ұрлау мен мәжбүрлі некемен күрес мәселесінде өзекті”, – деді Ластаев.

Тек мемлекеттік тіркеумен некелесу керек

Конституция жобасында мемлекеттік тіркеумен ғана некелесу бекітіледі. Омбудсменнің айтуынша, осылайша діни рәсімдер арқылы некелескісі келетіндердің әрекетін тоқтатуға болады.

“Неке тек мемлекет тарапынан тіркелуі керек. Ерлер мен әйелдер некеде тең құқылы”, – адам құқықтары бойынша уәкіл.

Сондай-ақ ол Конституциядағы өзгерістер адамдардың жеке өміріне қол сұғылмаушылықтың болмауын, оны қорағауды күшейтетінін еске салды. Мысалы, күдікті тек сот шешімімен ғана қамауға алынады әрі оның шағымдану құқығы бар екенін атап өтті.

Сонымен қатар жобада келесі құқықтар сақталып, расталады:

  • Заң алдында құқық иесі болу құқығы;

  • Ар-ождан және еркін жүріп-тұру бостандығы

  • Еңбек, тұрғын үй, мүлік және денсаулық сақтау құқығы;

  • Жеке өмір мен жеке деректердің құпиялығы, бұл әсіресе цифрландыру жағдайында маңызды.

Айым Болатқызы
Сейсенбі, 03 Ақпан, 2026 21:39