Жаңа Конституция жобасы туралы жалған ақпарат таратқан қазақстандық жауапқа тартылды

Алматы тұрғыны жаңа Конституцияда шетелдіктерге жер сату тыйымының жойылғаны туралы жалған ақпарат таратқаны үшін жауапқа тартылды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Алматы полициясы жалған ақпарат таратқан адамның әкімшілік жауапкершілікке тартылғанын хабарлады.
"Әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде жаңа Конституция жобасының мәтінінде шетел азаматтарына жер сату тыйымы жойылған деген жалған ақпарат таратылды. Бұл мәліметтер шындыққа сәйкес келмейді және фактілерді бұрмалаудан тұрады. Жер және табиғи ресурстарға қатысты баптар өзгермеген және Қазақстан Республикасының қолданыстағы Конституциясының нормаларына толық сәйкес келеді. Жалған ақпарат таратқан фактілер заң тұрғысынан бағаланды", – деп хабарлады ведомство.
Алматы қалалық аудандық әкімшілік сотының қаулысымен А. азаматтық жауапкершілікке тартылып, жалған ақпарат таратқаны үшін 20 АЕК (86 500 теңге) көлемінде айыппұл төлеуге міндеттелген.
Алматы қалалық полиция департаменті қоғамдық кеңістікте жалған ақпарат тарату заңнамада қарастырылған жауапкершілікке алып келетінін еске салып, ескерту жасады.
Еске салайық, бұған дейін Жаңа Конституция жобасының мазмұны жарияланған еді. Конституцияның алғашқы жобасында преамбула, 11 бөлім және 95 бап бар. Конституциялық соттың төрағасының орынбасары Бақыт Нұрмұханов Конституцияның преамбуласының толықтай жаңартылғанын айтты.
Сонымен қатар преамбулада “Ұлы дала” ұғымы енгізілуі мүмкін екенін, сондай-ақ “Әділетті Қазақстан” және “Құқық пен тәртіп” ұғымдары да нақтыланғаны туралы жаздық.