Жаңа Конституция "мәңгілік билікке" жол бермейді – Депутат

Конституциялық комиссияның жетінші отырысында Мәжіліс депутаты Елнұр Бейсенбаев жаңа Конституция жобасындағы президенттің өкілеттік мерзіміне қатысты маңызды норма сақталғанын атап өтті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Елнұр Бейсенбаевтың айтуынша, жаңа Конституция жобасы елдегі жоғары лауазымды тұлғаларға қатысты негізгі шектеулерді бекітетінін және билікті монополиялауға жол бермейтінін айтты. Ол заң жобасында президенттің өкілеттік мерзімі нақты белгіленгенін атап өтті. Сөзінше, бұл халық алдындағы әділеттілік пен жауапкершіліктің негізгі қағидатын көрсетеді.
“Конституция жобасының 43-бабының 1-тармағында президенттің жеті жыл мерзімге бір рет сайланатыны көрсетілген. Бұл – биліктің монополиялануына жол бермейтін айқын норма. Өздеріңіз білетіндей, бұл норма 22 жылға созылған реформалар кезеңінен кейін енгізілді. Бұл сондай-ақ жаңа Конституцияның негізгі қағидаттарының көрінісі”, – деді депутат.
Сондай-ақ ол бұл шектеудің бір адамның “мәңгілік билік” ету мүмкіндігін толықтай жоққа шығаратынын атап өтті.
“43-баптың 5-тармағында осы баптың 1-тармағында көзделген нормалардың өзгермейтіні анық көрсетілген. Осылайша, бұрын қоғамда сұрақ туғызған “мәңгілік билік ету” мүмкіндігін біз толықтай жоққа шығарамыз”, – деді ол.
Мәжіліс депутаты енді мұндай шектеулер Конституциялық соттың судьяларына, Жоғарғы соттың төрағасына және Бас прокурорға да қолданылатынын атап өтті. Айтуынша, бұл халық алдындағы жауапкершілік пен әділет қағидаттарының мызғымайтынын көрсетеді. Бұрын мұндай нормалардың болмаған, алайда қазір олардың енгізілгенін атап өтті.
"Қазақстанға келгеніне небәрі 4-ақ жыл": Бұрынғы министр Қанат Шарлапаев туралы не белгілі және ол "Атамекенде" бизнесті қорғай ала ма