Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Жаңа қызметте 3 млн теңге жалақы алады: Ақпаратқа Мұхамедиұлының өзі жауап берді

Ұлттық музейге басшы болып келген Арыстанбек Мұхамедиұлы 3 млн теңге жалақы алады деген ақпарат тарады. Бұған Мұхамедиұлының өзі жауап берді.

Жаңа қызметте 3 млн теңге жалақы алады: Ақпаратқа Мұхамедиұлының өзі жауап берді

Желіде Арыстанбек Мұхамедиұлының жаңа қызметтегі жалақысы 3 млн теңге деген ақпарат тарады. Бұл қаншалықты рас? Мұхамедиұлы шын мәнінде қанша жалақы алады? 

"Құрметті, достар, маған қатысты жалған хабар тарап жатыр. Менің жалақым 3 млн теңге емес. Бұлай болуы мүмкін де емес. Бұл жалған хабар. Мәдениет және спорт министрі болған кезде жалақы мәселесін талай рет көтергенмін. Бірақ нәтиже болған жоқ. Ол кезде жалақым 980 000 теңге болды. Қазіргі жалақым 172 436 теңге.

"Азаматтық қызметшілерге мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы» ҚР үкіметінің Қаулысы негізінде Ұлттық музей директоры ретінде 172 436 теңге есептеліп, қолыма 139 673 теңге берілетін болады. Бұл қызметтегі менің санатым «А1-1», еңбек өтілім мамыр айын қоса алғанда 31 жыл үш ай болды. Тағы айтарым, бұл нағыз фейк. Мен бір жылда 1 676 076 теңге алам. Оны екі есе көбейтіп жалақы ретінде жазыпты. Мұндай хабарларға енді бас ауыртпаймын. Ақылды адамдар өзі түсінеді, ақымақтарға түсіндіру мүмкін емес", - деді ол желідегі парақшасында

Айта кетейік, Мұхамедиұлы 10 шілде күні мемлекет басшысының тапсырмасыменұлттық мұражайға басшы болып тағайындалды. 2014 жылдың 6 тамызынан 2019 жылдың 17 маусымына дейін мәдениет және спорт министрі болды. 


Арыстанбек Мұхамедиұлы өзіне жасалған әзіл суретке пікір білдірді
Талқылау