Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Жаңа далабымен мақтанғысы келген бойжеткен тұншығып өле жаздады (фото)

Ұлыбританиядағы Белфаст қаласының тұрғыны Рейчел Маклаулин ерніне жаңа далап жаққаннан кейін жағдайы нашарлап, ауруханадан бірақ шықты. Бойжеткеннің жағдайының ауырлағаны сонша, ауруханаға барар жолда тұншығып қала жаздаған, деп хабарлайды Mirror басылымына сілтеме жасап Stan.kz.

Рейчел жұма күні ғаламтор желісінен жеңілдік бойынша сатып алған жаңа далабын достарына көрсетіп, мақтанбақ болған.

Ертесіне ол өзін нашар сезініп тұрғанын айтқан. Ата-анасы қыздарының ернінің астыңғы бөлігі ісіп кеткенін көріп, жедел жәрдем шақырыпты. Мұнан кейін бойжеткеннің жағдайы нашарлап, тұншыға бастаған.

«Басында бұл ішімдік ішкеннен болар деп ойладым. Бірақ оның ернін көргеннен кейін шошып кеттім», – дейді Брона Маклаулин.

Уақыт өткен сайын бойжеткеннің ерніндегі ісік ұлғая беріпті.

«Мен қатты қорықтым. Бетімнің астыңғы бөлігін, тіпті мойнымды сезбей қалдым.  Еріндерім ұлғая берді. Тіпті өзімнің түріме айнадан қарай алмадым. Басында қорықтам, ал артынан тұншыға бастағаннан өзіме қарауға мүмкіндік болмады», – дейді Рейчел Маклаулин.

Ауруханада дәрігерлер бойжеткеннің ерніне күшті әсер ететін антибиотиктік иісмай жағып, гистаминге қарсы дәрі-дәрмектер берген. Төрт сағаттан кейін Рейчелдің қан қысымы түсіп, ерніндегі ісік кете бастапты.

«Мұндайды дұшпаныма да тілемеймін. Сол күннен бастап мен далап сатып алған интернет-дүкен бұғатталды. Косметикалық құралдардың көшірмелерінен сақ болыңыздар. Ақшаңды үнемдеу өміріңмен салыстырғанда түкке тұрмайды», – дейді Рейчел Маклаулин.

Оқи отырыңыз:

Қырғызстан СІМ Қазақстандағы операция барысында ұсталғандардың ішінде 4 қырғызстандық болғанын мәлімдеді

Мәскеу облысында 3 жыл бойы іздестірілген қазақстандық қылмыскер ұсталды

Жас жігіт метро рельсіне құлап кеткен бүлдіршінді құтқарып қалды (видео)

Белгісіз біреу Өзбекстанмен шекарада ішінде 500 мың доллар бар сөмке тастап кеткен

Талқылау