Жаңа босанған әйелдің өлімі үшін елордалық акушер-гинекологтар істі болып жатыр
Сотталушылар қатарында Ана мен бала орталығының акушер гинекологы және орталықтың ақылы гинекология бөлімінің бұрынғы меңгерушісі бар, ол қазір зейнетте. Дәрігерлерге абайсызда науқастың өліміне әкеліп соқтырған кәсіби міндеттерін лайықты атқармады деген айып тағылып отыр.

Фото: Кирилл Брага
Соңғы жылы бұл жаңа босанған әйелдің өліміне дәрігерлерді айыптаудың екінші жағдайы. Өткен жылы Астанада осындай айып бойынша елорданың үздік акушер-гинекологтарының бірі Владимир Калашников пен анестезиолог-реаниматолог Григорий Азаровты соттаған, деп хабарлайды Sputnik.
Әдетте, науқастың өлімінде дәрігерлердің кінәсін дәлелдеу өте қиын. Көбіне мұндай даулар татуласумен аяқталады. Алайда босанғаннан кейін көз жұмған әйелдің туыстары дәрігерлердің кінәсін дәлелдеуді көздейді. Қылмыстық істің материалдарына сәйкес, 37 жасар әйел 2015 жылғы қаңтарда республикалық диагностикалық орталыққа жүктілік бойынша есепке тұрған. Екі айдан кейін ол Ана мен сәби орталығының жанындағы ақылы гинекология бөліміне ауысқан. Ол кезде сотталушылардың бірі сол бөлімнің меңгерушісі болады. Оның қалған жүктілік мерзімін сол дәрігер жүргізген болатын.
Екінші сотталушы 25 жылдық еңбек өтілі бар акушер гинеколог босандыру кезінде іштен жарып баланы алған. Бірнеше күннен кейін жаңа босанған әйел көз жұмды. Дәрігерлердің болжамы бойынша, ол қағанақ суының эмболиясынан көз жұмған. Туыстары әйелдің өліміне көндіге алмай дәрігерлерді сотқа берді. Қайтыс болған әйелдің туыстары жатыры жарылып, қан кеткеннен көз жұмды деген пікірде. Сотталушылар кінәсін мойындап отырған жоқ және өздеріне тағылған айыппен келіспейді.
Жіберіп алмаңыз:
Қызылорда облысында ұлы анасына бауырын беріп өміріне араша түсті
Қытайда әйел ұл босанғаннан кейін 6 күннен соң егіз қызды өмірге әкелді
Тәрбиешілер балаларды пышақпен қорқытып, балабақшаны жезөкшелер ордасына айналдырған (видео)
"Бізден 100 есе жоғары алады": Қазақстан мен шетелдік дәрігерлердің жалақысын салыстырып көрдік