Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР
БАРЛЫҚ ЖАҢАЛЫҚТАР

"Жан ұшырарлық жағдай": Алматылық өнер иелері жұртты Арысқа заттай қолдау көрсетуге шақырды

Алматылық өнер иелері жұртты Арысқа заттай қолдау көрсетуге шақырды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

 

Арыстағы оқиға бей-жай қалдырмаған Алматы қаласындағы өнер жұлдыздары қажетті азық-түлік, киім-кешек, жуынатын заттарды бір жерге жинастырудың қамына кірісіп кеткен. Олардың қатарында Жазира мен Жанболат, Ерке Есмахан, Алтынай Жорабаева, Ақылбек Жеменей, Шахизада Байпатшанова,  Әбдіжаппар Әлқожа, Сатанат Бақаева, Әйгерім Қалаубаева, Серік Ибрагимов, Жұлдыз Әбдікәрімова сынды тұлғалар бар. Арнай бір орынға қажетті заттарды жинауды бастап кеткен жұлдыздар желідегі парақшаларын пайдасына жаратқан.

"Алматы қаласының тұрғындары! Жан ұшырарлық жағдайдың салдарынан өз баспаналарын, киім кешектерін, азық түлігін тастап кетуге мәжбүр болған Арыстықтарға қол ұшын берейік. Өз тарапымыздан xалықты жинап орналастырған жерлерге азық-түлік, киім-кешекпен көмектескіміз келіп отыр. Егерде араларыңызда көмектесуге дайын адамдар болса, ертең сағат 11:00-ден кешкі 22:00-ге дейін Алматы қаласы,Қожабекова 21/1 көшесінде орналасқан "Sky Hall" мейрамxанасына алып келсеңіздер болады", - деп жазды олар.

Сонымен қатар, Алматы қаласындағы өнер жұлдыздарының ішінде белсенділік танытып, көш бастаған "Жігіттер" тобының солисі Бағлан Әбдірайымов болды. Ол таң атпай Арыс қаласына жолға шығып, халықтан қаражат жинап, қажетті заттарды мұқтаж жандарға жеткізіп берген. 

"Құрметті, бауырлар, Арыс қаласындағы жағдайға байланысты Шымкентте шықсам ба деп тұрмын. Алматының жігіттері, еріктілер санын толтырып пайдамызды тигізіп жандарында болайық! Жоғалған бала, үрейлі бауырлармен бірге болайық! Өз көліктеріңізбен жолдық шығындарыңызды алып алыңыздар!", -деп жазды Бағлан Әбдірайымов.

Көмек қолын созғандардың ішінде белгілі "Өнер қырандары" тетары да бар. Қазіргі таңда олар Арыс қаласының адамдары эвакуацияланған аймақтарға жетіп үлгерген. Алматылық жұлдыздар бірнеше аймаққа жеткізілген тұрғындарға қолдау көрсетіп, рухани және материалдық тұрғыдай көмек қолын созуда.

"Бірге үш көлік келдік. Бірі "Өнер қырандар" Ақмешітке кетті. Біз, номері 3-ші жатақханадағы Арыс қаласына жақын орналасқан ауыл - аймақтан жаңа орналасқан бауырларға азық-түлік алып жатырмыз! Сіздердің жіберген қаражат 600 мыңнан асып түсті!", - деп жазды Бағлан Әбдірайымов.  

Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр