Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Жамбылда полицей балалар үйінен бес баланы асырап алды (фото)

Жамбыл облысы Мерке ауданының жергілікті полиция қызметінің аға сержанты Ғалым Арыстанбаев жарымен бірге үш туған және бес асырап алған баласын тәрбиелеп отыр.

полиция2

Жамбыл облыстық ІІД баспасөз қызметінен хабарлағандай, Ғалым Арыстанбаев көп жылдар бойы Отан игілігі үшін адал қызмет етіп келеді.

полиция4

38 жастағы полицей үш ұлдың әкесі. Ол әйелімен бірге бір жарым жыл бұрын бес баланы тәрбиелеуге алған.
Бұл туралы Ғалымның әріптестері кездейсоқ біліп қалды.

полиция3

«Отбасым үлкен. Мұны әрқашан армандағанмын. Әйелім Әлия мені қолдайды. Отасқанымызға 10 жыл болды. Қасымызда балаларымыз, анам, туыстарым бар. Олардың дендері сау. Ең бастысы сол. Мен өзімді ең бақытты жанмын деп есептеймін», – деді отағасы.

полиция1

Ұлдары болғандықтан ол қыз бала асырап алғысы келгенін айтады.

полиция

«Жанұялық типтегі балалар үйі» бағдарламасы туралы В.Савва балалар үйінің мұғалімі Фарида айтты. Әйеліммен кеңесіп, осындай жауапты шешім қабылдадық. Бес баланы асырап алу идеясы балалармен танысып жатқанда әйелімнің ойына келді. Бір баланы алуға барып, жасы әр түрлі төрт баланы әкелдік. Олар бір жанұядан болғандықтан, бөлгіміз келмеді. Бір баланы «Үміт» бөбекжайынан асырап алдық. Қазір бұл ісіме еш өкінбеймін», – деді Ғалым Арыстанбаев.
Айта кету керек, Ғалымның үлкен жанұясы түрлі ұлт өкілдерінің болуымен ерекшеленеді.

Талқылау