Сәбиін әжетханада туып тастап кеткен келіншек елден кешірім сұрады
Жамбыл облысында сәбиін әжетханада туып тастап кеткен әйелді прокурорлар 1 жарым жылға соттауды сұрап отыр. Соған қарағанда тасбауыр ананың жазасы әлде-қайда жеңіл болатын тәрізді,-деп хабарлайды ктк арнасы.
-Кешіріңіздерші, мені қызымнан айыра көрмеңіздерші. Басқа айтарыңыз жоқ па?
-Жоқ.
Келіншек бет-жүзін көрсетуге қарсылық білдіреді. Қызы үшін анасының да елге қарайтын беті жоқ. Шешесі 21 жастағы қызының аяғы ауыр екенін білген. Елге масқара болмас үшін, оны Меркі ауданындағы сіңлісіне босануға жіберіпті. Алайда, жарты жолда толағы қысқан келіншек жол жиегіндегі дәретханаға сәбиін босанып тастап кеткен.
Ал, көрер жарағы бар нәрестені жолаушылардың бірі байқап, тірі қалғанын айта кетейік. Оған Жансая есімі беріліп, қазір бөбектер үйінде өсіп жатыр. Тастанды бүлдіршіннің анасы Мамай ауылының 21 жастағы тұрғыны. Қазір жасаған ауыр қылмысы үшін жауапқа тартылуда. Ал, өзі тілшілерге өшігіп, тісін қайрап жүрсе керек.
-Сот бітсе, мен ақталып шығам. Бірақ мен барлық журналистердің үстінен арыз тастаймын. Мені қаралағаны үшін.
-Сізді ешкім қаралаған жоқ қой!
-Өз ойыңызды айтыңызшы?
-Жоқ.
Бұған дейін жамбылдық отбасы жансаяны асырап алуға ниетті екені жайлы жазған едік.