Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Жамбыл облысында қауіпті ойынға тіркелген балалармен психологтар жұмыс істеп жатыр

Жамбыл облысында соңы өз-өзіне қол салумен аяқталатын «Синий кит» ойынына қатысушылар қатары күнен-күнге көбейіп барады. Кеше ғана әлеуметтік желідегі қауіпті ойынға екі оқушының тіркелгені анықталса, енді олардың саны бесеу болды, – деп хабарлайды КТК арнасы.

e0c59765c5adbaa517200a22df228972

Қордай, Талас және Жамбыл аудандарынан бір-бір дерек тіркелсе, Таразда бір оқушы мен колледж студенті қаскөйлердің арбуына түскен. Екі жеткіншек тіпті қолына киттің суретін салып үлгерген екен. Әзірге олардың аты-жөні мен оқитын мектептері айтылған жоқ. Ресейде пайда болған ойынға жамбылдық жеткіншектердің көптеп тартылуына ата-аналар алаңдаулы. Дегенмен құқық қорғау орындары мен білім басқармасындағылар қол қусырып қарап отырмағандарын жеткізді. Қайғылы жағдайдың алдын алу үшін қолдан келгенін жасаймыз дейді олар. Яғни, полицейлер мен мұғалімдер әр оқушымен жеке-жеке сөйлессе, психологтар шәкірттерді арнайы тесттен өткізіп, арам пиғылдылардың жетегінде кеткен-кетпегенін тексеріп жатыр екен.

“Қазіргі күні оқушылармен психологтар жұмыс істеуде. Ішкі істер департамент қызметкерлері, аудандың ішкі істер органдары  ата-аналармен байланыста”, – дейді Жамбыл облысы прокурорының аға көмекшісі Еркін Қуанышев.

Естеріңізге сала кетсек, Жамбылда екі мектеп оқушысы қауіпті «Синий кит» ойынының құрбаны бола жаздағаны туралы жазған болатынбыз.

Талқылау