Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Жамбыл облысында алып қашып кеткен қалыңдық үшін атыс болды

Жамбыл облысында алып қашып кеткен қалыңдық үшін ауыл жігіттерінің арасында атыс болды.

Шу аудандық сотының баспасөз қызметі атыс жасаған жігіттерге қатысты сот отырысы өткенін мәлімдеді.

Осы жылдың шілде айында сотталушы Жаңа жол ауылында көлігімен келе жатады. Жол бойында екі азаматты кезіктіріп, олармен жанжалдасып қалады. Сотталушы оған дейін сол екі азаматтың бірінің құда түскен қызын алып қашқан. Олардың дауласуына да сол себеп болған.

Жігіттер бұл дауды адам жоқ жерде шешуге келіседі. Ақырында сотталушы жігіттердің бірін заңсыз ұстап жүрген травматикалы қарумен атып жібереді. Олардың бірі сотталушыны аңшылық мылтықпен атып жарақаттайды.  Жәбірленуші бірнеше жерінен жарақат алған.

Мылтықпен оқ атқан жігіттің ісі сотта бөлек қаралады. Сотта айыпталушы кінәсін мойындады. Ол шешімге сәйкес 3 жылға бас бостандығынан айырылды. Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Тағы да оқыңыз:

Тіл білімі институтының директоры: Латын әліпбиіндегі апострофты алып тастауымыз мүмкін

Алматыда қайыр сұрап жүрген әжей: Қайтем енді, азын-аулақ тиын жинасам көмір алам

Ақмола облысының әкімі пәтер кезегін мұқтаж жандарға берген әжей туралы айтты

Талқылау