Жамбыл облысының полиция басшысы орынбасары ұсталған соң қызметінен кетті
Фото: polisia.kz
Жамбыл облысы полиция департаментінің бастығы Бақытжан Малыбаев орынбасары ұсталғаннан кейін қызметінен кетті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
"Жамбыл облысы полиция департаменті бұрынғы бастығы Б.Ә.Малыбаев ішкі істер министрінің бұйрығымен берілген баянатқа байланысты атқарып отырған қызметінен босатылды", – делінген ІІМ таратқан ақпаратта.
Еске сала кетейік, 30 тамызда ішкі істер министрлігі Жеке қауіпсіздік департаменті Жамбыл облысы полиция департаменті бастығының бұрынғы орынбасарын ұстаған еді. Ол құқыққа қайшы әрекет жасады деген күдікке ілінді, бірақ нақты қандай бап бойынша тергеуге алынғаны нақтыланбаған. Экс-полиция қызметкері уақытша ұстау изоляторына қамауға алынған. Оған қатысты сотқа дейінгі тергеу басталған.
Сондай-ақ ішкі істер министрінің 2025 жылғы 29 тамыздағы бұйрығымен ұсталған адам теріс себептермен қызметтен босатылғаны хабарланды.
Кейін ішкі істер министрлігінің басшысы Ержан Сәденов жоғары лауазымды полиция қызметкерінің ұсталуына түсініктеме берді. Ол ведомстводағы сатқындармен әңгімелесу қысқа болатынын, ондай адамдармен қатаң жұмыс жүргізілетінін мәлімдеді.
Бұған дейін желіде Жамбыл облысында Сарысу аудандық полиция бөлімі бастығының орынбасары ұсталғаны туралы ақпарат тарады. Өңірлік полиция департаменті бұл фактіні растады.
Бақытжан Малыбаев 2024 жылдың қыркүйегінде Жамбыл облысы полиция бастығы болып тағайындалды. Бұған дейін ол Көліктегі полиция департаментін басқарған.
"Баланың тірі не өлі екені белгісіз": АҚШ азаматы бұрынғы қазақстандық әйелін баласын "ұрлады" деп айыптап, сотқа берді