Жамбыл облысындағы жарылыстан қаза тапқандардың саны 12-ге жетті
Жамбыл облысында әскери қоймадағы жарылыстан көз жұмғандардың саны 12-ге жетті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, тағы үш адамның денесі табылған.
“Жамбыл облысында болған жарылыстың салдарын жоюмен айналысқан тағы үш адамның денесі өрт аумағынан табылды. Олардың кім екендері анықталуда”, – делінген министрлік хабарламасында.
Бұған қоса, 50-ге жуық ТЖМ құтқарушылары өртпен күрес барысында зардап шеккен.
Айта кетсек, 26 тамызда Жамбыл облысындағы әскери қоймада жарылыс орын алды. Салдарынан 98 адам жарақат алып, ауруханаға жеткізілген. Тағы 12-сі көз жұмған. Жоғалып кеткендерді іздеу жұмыстары жүргізілуде.
Еске салсақ, апаттан кейін ҚР қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаев отставкаға кетуге дайын екенін жеткізді.
Аспаннан ақша шашылса немесе көшеден ақша тауып алсаңыз, оны бірден иемденуге бола ма
Заңгер табылған ақшаны ешкімге хабарламай алып кету заңды әрекет емес екенін айтады
Қазақстанда рейс кешіксе, жолаушы не істеуі керек және өтемақыны қалай алады
Рейс 5 сағаттан астам кешіккен жағдайда жолаушы ұшудан бас тартып, билет құнын толық қайтаруды талап ете алады