Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Жамбыл облысындағы ең ірі жел электр станциясы қашан іске қосылатыны белгілі болды

Фото: Freepik.com

Жамбыл облысында қуаты 1 ГВт болатын “Мирный” жел электр станциясы 2028 жылдың төртінші тоқсанында пайдалануға беріледі. Ақпарат қордың Telegram-арнасында жарияланды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

“Мирный” жел паркінің құрылысы 18 наурызда басталды. Өңірдің Мойынқұм ауданында капсула салу рәсімі өтті. Құрылыс бұрын бекітілген кестеге сәйкес басталды, ал нысанды іске қосу 2028 жылға жоспарланған.

Еске салайық, жоба TotalEnergies компаниясы мен “Самұрық-Қазына” қоры арасындағы келісімдер аясында оның еншілес ұйымдары – “Самұрық-Энерго” және “ҚазМұнайГаз” арқылы жүзеге асырылып жатыр. Жалпы инвестиция көлемі шамамен 1,2 миллиард доллар. Жоба энергия жинақтау жүйесі бар жел электр станциясын салуды көздейді. Жыл сайынғы электр энергиясын өндіру көлемі 3,6 миллиард кВт/сағ деңгейінде болжанып отыр.

Энергетика министрлігінің мәліметінше, бұл станцияның іске қосылуы Қазақстанның 2030 жылға қарай электр энергиясын өндірудегі жаңартылатын энергия көздерінің үлесін 15%-ға жеткізу мақсатына айтарлықтай жақындатады.


Астанада жел электр станциясының 23,2 миллиард теңгесін жымқырған экс-мəслихат депутаттары сотталды

Қазақстанда шетелдік және отандық инвесторлар 2,5 трлн теңгеге сегіз зауыт салады


Айта кетейік, бұған дейін ытайлық инвесторлар Қазақстанға жел мен күн электр станцияларын салатыны хабарланған еді.

Балнұр Рахматуллақызы
Бейсенбі, 19 Наурыз, 2026 09:48