Жамбыл облысындағы әскери бөлімде атыс болып, қарауыл басшысы мерт болды

Әлеуметтік желіде 15 наурыз күні Жамбыл облысындағы әскери бөлімде қарауыл басшысына оқ тиіп, көз жұмғаны туралы ақпарат тарады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Желіде тараған ақпаратқа сәйкес, төтенше жағдай қарауылдың үшінші бекетінде болған. Ведомстволық күзеттің азаматтық қызметкері, атқыш, карабиннен абайсызда оқ атқан. Оқ қарауыл бастығына тиген.
Зардап шеккен қызметкер ауыр халде Гвардейский кентіндегі әскери госпитальға жеткізілді. Алайда дәрігерлер оның өмірі үшін күрескенімен, аман алып қала алмады.
Ішкі істер министрлігі оқиға бойынша тергеу басталғанын хабарлады.
“Жамбыл облысында әскерилендірілген күзеттің азаматтық қызметкерінің қаза болу фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр. Оқиғаның мән-жайы барлық қажетті тергеу әрекеттерінің нәтижесі бойынша анықталады”, – деп хабарлады Ішкі істер министрлігінің Әскери-тергеу департаменті.
Бұған дейін Атыраудағы полигонда сарбаз оқ тиіп көз жұмған еді.
Қазақстанда шетелдіктер тұрақты тұру үшін қазақ тілінен тест тапсырады: Бұл талап интеграцияны күшейте ме, әлде көшуге ниеттілерді азайта ма?