Жамбыл облысында сарбаз қарудан оқ жаудырды
Жамбыл облысында әскери борышын өтеп жүрген 19 жастағы сарбаз қаруды алып, оқ атқан. Зардап шеккендер жайлы ақпарат жоқ, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі КТК арнасына сілтеме жасап.

Төтенше жағдай Жуалы ауданында 18 желтоқсанға қараған түні болған. Оқ атылғанын Алатау ауылының тұрғындары естіген.
Бірнеше тәулік өткенімен, сарбаздың қайда екені және не болғаны туралы ақпарат жоқ. Қазір оның үстінен қаруды ұрлағаны үшін қылмыстық іс қозғалғаны ғана белгілі.
"Аталған дерек бойынша ІІМ Оңтүстік аймақтық әскери-тергеу басқармасының Тараз бөлімі Қылмыстық кодекстің 291-бабы "Қаруды, оқ-дәрілердi, жарылғыш заттар мен жарылыс құрылғыларын жымқыру не қорқытып алу" бойынша тергеу бастады. Қазір тексеріс жүріп жатыр. Өзге ақпарат жария етуге жатпайды", – делінген Оңтүстік аймақтық әскери прокуратурасының хабарламасында.
Жаңа үйленсе де өзге қыздарға жазады: Қазақстандық психолог неліктен ерлердің опасыздыққа баратынын айтты
Желі қолданушысы: "Бір ғана әйелмен ол қызықсыз. Басқасын да көргің келеді"
"Күніне 6 миллион 406 мың теңге табады": ТОП-10 қазақстандық шенеуніктердің бай әйелдері
Ерболат Досаевтың жұбайы Гүлнар Досаева Қазақстандағы люкс санатындағы компаниясының тең иесі