Жамбыл облысында полиция балалар орталығында болған жаппай улану оқиғасын тергеуді бастады
Жамбыл облыстық полиция департаменті Меркідегі балалар орталығында тәрбиеленушілердің жаппай улану фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталғанын мәлімдеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агентігі хабарлайды.
Ф
Фото: onclinic.ua
Аталған іс Қылмыстық кодексінің 304-бабы "Санитарлық ережелерді немесе гигиеналық нормаларды бұзу" бойынша тіркелді. Бұл бап бойынша ең жоғарғы жаза – 2 жылға дейін бас бостандығынан айыру.
"Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы жұқтыру көздері мен таралу жолдарын анықтау мақсатында тергеуді жалғастырып жатыр. Улану белгілерімен медициналық көмекке жүгінген барлық балаларға медициналық және психологиялық көмек беріліп жатыр. Санитарлық-эпидемиологиялық тергеу жалғасып жатыр", – деп хабарлады құқық қорғау органдары.
Еске салайық, бұған дейін 17 наурызда Жамбыл облысы Меркі ауылында орналасқан "Нұрай" мектепке дейінгі білім беру орталығының 10 тәрбиеленушісі Меркі аудандық ауруханасының жұқпалы аурулар бөліміне жеткізілді. Тоғыз балаға жедел ішек инфекциясы, ал бір балаға энтеровирустық инфекция диагнозы қойылды. Оқу орталығының қызметі екі күнге тоқтатылды. Ғимаратта дезинфекциялық жұмыстар жүргізіліп жатыр.