Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Жамбыл облысында оқушылар тамақтан уланып қалды

Жамбыл облысында оқушылар тамақтан уланып қалды

Фото: depositphotos.com

Жамбыл облысы Байзақ ауданы Мырзатай ауылында орта мектеп оқушыларының арасында тағамнан улану жағдайы тіркелді.  Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Аудандық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, 11 қараша таңертең балалар мектептің қарсы бетіндегі жеке дүкеннен сатып алған жылдам дайындалатын тағамдар сэндвич, бургер, кириешки тұтынған. Арада 1–2 сағат өткен соң балаларда жүрек айну, құсу, бас ауруы және әлсіздік сияқты улану белгілері байқалған.


Ақтөбеде балалармен қоса сегіз адам сушиден уланып қалды


“12 оқушы Байзақ аудандық орталық ауруханасының жұқпалы аурулар бөлімінде тексеруден өтті. Балалардың жағдайы тұрақты, нашарлау белгілері байқалмайды. Олар үй жағдайында емделуге жіберілді”, – делінген хабарламада.

Қазір науқастарға тиісті ем-шаралар көрсетілді. Зертханалық тексерулер жүргізіліп, уланудың себебі анықталып жатыр.

Облыс әкімінің тапсырмасына сәйкес, облыстық білім басқармасының басшысы, аудан басшылығы оқиға орнына барып, тиісті шаралар қабылдауға кіріскен.

Еске салсақ, Қостанай облысында тойға барған қонақтар жаппай тамақтан уланып, 85 адам ауруханаға түсті.

Дана Русланқызы
Сейсенбі, 11 Қараша, 2025 19:58
Талқылау