Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Жамбыл облысында құлдықта ұстаған балалардың ісі бойынша арнайы жұмыс тобы құрылды

Жамбыл облысында құлдықта ұстаған балалар

Фото: Видеодан скрин

Талас ауданында жасөспірімдерді құлдықта ұстау бойынша облыс әкімі Ербол Қарашөкеевтің тапсырмасымен арнайы жұмыс тобы құрылды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Облыс әкімінің орынбасары жетекшілік ететін жұмыс тобы мәселені толық анықтау үшін сондай-ақ балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз етіп, құқықтарын қорғау үшін зерделеу және тексеру жұмыстары жүргізіледі.

“Зерделеу нәтижесіне сәйкес қосымша ақпарат жолданады. Қазір тиісті құзырлы органдармен бірлесіп жасөспірімдердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін нақты шаралар қолға алынды”, – деп мәлімдеді Жамбыл облысының әкімдігі.

Құлдықта болып келген балалардың оқиғасынан кейін осы секілді келеңсіз жағдайлардың алдын алу мақсатында алдағы уақытта өңірдегі өзге де білім мекемелері жан-жақты тексерілмек.

Еске салайық бұған дейін Жамбыл облысында мал бағып жүрген балалардың өздеріне көмектесуін сұрағаны туралы жазған едік. Кейін жасөспірімдерді құлдықта ұстаған күдікті ұсталды.

Айым Болатқызы
Дүйсенбі, 11 Тамыз, 2025 10:29
Талқылау
`