Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Төрт ай ішінде бесінші өлім": Жамбыл облысында "Қазфосфат" зауытында бір адам қаза тапты

Жамбыл облысындағы "Қазфосфат" зауытында цехтың шатыр тақтасы опырылып, бір  жұмысшы қаза тапты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Астана арнасына сілтеме жасап.

Үш адам  түрлі жарақатпен ауруханаға жеткізілді. Аймақтағы алып кәсіпорында бұл -жыл басынан бері адам өлімімен аяқталған төртінші жағдай. 

Бұл жолы мерт болған 58 жастағы  азамат зауытта жұмыс істегеніне жиырма жылдан асқан.  Қазір оқиғаға байланысты "Еңбекті қорғау ережелерін бұзу" бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

“Аталған дерек бойынша Қылмыстық кодекстің 156 бабы 3 бөлігімен сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Сондай-ақ, еңбек инспекциясымен арнай тексеру жүргізілуде. Қазіргі уақытта барлық қажетті сараптамалар тағайындалды”, – дейді Жамбыл облыстық полиция департаментінің ресми өкілі Құндыз Бөлгебаева.

Айта кетейік, бұл "Қазфосфатта" биыл бесінші рет қызметкерлердің зардап шегуі болып отыр. Маусым айының басында жұмысшы басына кірпіш түсіп мерт болды. Дәл сол жерде бір айдан кейін дәнекерлеуші ​​мен механик ұнтақтайтын цехтың диірмен тастарының астында қалды. Бір аптаға жетер-жетпес уақыттан кейін бұл кәсіпорында тағы да апат орын алды. Ер адам 19 метр биіктіктен құлап жан тапсырды.

Еске салсақ, Мәжілістің экс-спикері Нұрлан Нығматуллиннің ұлдары қадағалайтын "Қазфосфат" зауытында өрескел заңбұзушылықтар анықталып 5 миллион теңге айыппұл салынған болатын. 

Талқылау