Жамбыл облысында кәсіпкер сібір жарасын жұқтырған малдың етін сатқан: Ер адамға қандай жаза қолданылды?
Жамбыл облысында ер адам халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы заңнаманы бұзғаны үшін кінәлі деп танылды. Енді ол 1 млн теңге көлемінде айыппұл төлеуі тиіс. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Талас аудандық соты тұрғынға қатысты әкімшілік істі қарады. Ер адам 2023 жылдың тамызында сібір жарасымен ауырған малдың етін сатып, осылайша халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы заңнаманың, сондай-ақ гигиеналық нормативтердің талаптарын бұзғаны анықталды. Бұл адам денсаулығына зиян келтіргені нақтыланды.
С. өзінің кінәсін толық мойындады. Сот қаулысымен кәсіпкерге 1 млн теңгеден астам айыппұл салынды.
Қаулы заңды күшіне енген жоқ.
2026 жылы қазақстандықтар пәтер жөндеуге қанша қаражат жұмсайды
Алғашқы баспанасын қара сылақ күйінде сатып алған 25 жастағы Нұрсұлтан жөндеу жұмыстарына өзі араласқан
Ресейлік қыз қазақ отбасына келін болып түсті: Ол Қазақстан жайлы көзқарасы қалай өзгергенін айтты
Алена: “Қой бауыздайтындары әлі таңғалдырады, ал шашу мен құдалық ұнады”