Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Жамбыл облысында ішек инфекциясын жұқтырғандар саны 17-ге жетті: Арасында үш айлық нәресте де бар

Жамбыл облысы Меркі ауданында ішек инфекциясын жұқтыру деректері көбейіп барады. Соңғы тәулікте тағы бес мектеп оқушысы ауруханаға жатқызылды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі КТК телеарнасына сілтеме жасап хабарлайды.

Фото: mel.fm

Дәрігерлер жағдайы ауыр деп бағаланған бір бүлдіршінді санитарлық авиация арқылы облыстық ауруханаға ауыстырды. 

"Қазір аудандық аруханада жатқан науқас17 адамға жетті. Оның 14-і бала болса, екеуі ересек адам. Науқастардың ауру белгісі бірдей", – деді дәрігерлер. 

Ішек инфекциясына шалдыққандардың арасында үш айлық нәресте де бар. 

Меркі аудандық ауруханасының бас дәрігері міндетін атқарушы Анеля Мұхаева тоғыз баланың аға-әпкелерімен байланыста болған тағы бес оқушы 18-19 наурыз күндері ауруханаға түскенін айтты. Бас дәрігердің мәліметінше, науқастарға қажетті медициналық көмек көрсетіліп жатыр.



Еске салайық, бұған дейін 17 наурызда Жамбыл облысы Меркі ауылында орналасқан "Нұрай" мектепке дейінгі білім беру орталығының 10 тәрбиеленушісі Меркі аудандық ауруханасының жұқпалы аурулар бөліміне жеткізілді. Тоғыз балаға жедел ішек инфекциясы, ал бір балаға энтеровирустық инфекция диагнозы қойылды. Оқу орталығының қызметі екі күнге тоқтатылды. Ғимаратта дезинфекциялық жұмыстар жүргізіліп жатыр.

Талқылау