Жамбыл облысында фельдшерге оқ атқан ер адам 3,5 жылға сотталған

Жамбыл облысы Байзақ ауданында ауруханада бір тұрғын фельдшерді атып кеткен. Қазір фельдшер ем қабылдап, жұмысын жалғастырып жатыр. Бұл туралы Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеев мәлімдеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Журналист іс қазір қандай деңгейде, атқан адам жазаға тартылды ма, фельдшердің жағдайы қалай деп сұрады.
"Бұл жағдаймен таныспын. Биыл 10 шілдеде Сарыкемер ауылында Жамбыл облыстық медициналық жедел жәрдем станциясының қосалқы станциясында жұмыс орнында тұрған фельдшерге оқ атылды. Болған жағдай бойынша сотқа дейінгі тергеу аяқталып, сотқа жолданды. Екінші қыркүйекте сот шешімі шықты. Сотталушы үш жарым жылға шартты түрде бас бостандығынан айырылды. Фельдшер ем қабылдап, қазір жұмысын жалғастырып жатыр", – деді әкім.
Оқиғаға 25 жастағы Байзақ ауылының тұрғыны себепші болған. Ол 27 жастағы таныс фельдшердің жұмыс орнына келіп, дефибриллятордың қалай жұмыс істейтінін көрсетуді сұраған. Алайда фельдшер бұл өтініштен бас тартқан. Осыдан кейін екі ер адамның арасында жанжал туындап, күдікті травматикалық қарумен оқ атқан.
Айта кетейік, бұған дейін Жамбыл облысында фельдшерді кеуде тұсынан атқан адамға үкім шыққаны туралы хабарланған еді.
"Бәрі бір сәтте мәнсіз болып қалды": Таяу Шығыста қиын жағдайға тап болған қазақстандықтар көргендерін айтып берді