Жамбыл облысында фельдшерді кеуде тұсынан атқан адамға үкім шықты
Фото: dp.ru
Жамбыл облысы Байзақ аудандық сотында жедел жәрдем фельдшерінің кеуде тұсынан оқ атқан ер адамға қатысты қылмыстық іс қаралды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Сот мәліметінше, биыл шілде айында Байзақ ауданындағы стоматологиялық емхананың алдында сотталушы жәбірленушімен ауызша жанжалдасып қалған.
"Жанжалдың салдарынан сотталушы М сөмкесінен травматикалық патрондармен атылатын қаруды шығарып, фельдшердің кеуде тұсына оқ атқан. Кейін оқиға орнынан қашып кеткен", – делінген хабарламада.
Прокурор сотталушыны 3 жыл 6 айға бас бостандығынан айыруды сұрады. Сотталушы өз кінәсін толық мойындап, жәбірленушімен татуласқанын және оған келтірілген зиянды өтегенін айтты. Жәбірленуші сотталушыны кешіргенін растап, соттан оны қылмыстық жауапкершіліктен босатуды сұрады.
Түркістан облысында жүкті әйелін қарағаны үшін фельдшерді соққыға жыққан ер адам қамауға алынды
Сот кінәсін жеңілдететін мән-жайлар ретінде шын өкінгенін және келтірілген зиянды толық өтегенін қарастырды.
"Сот үкімімен М кінәлі деп танылып, ақыры 3 жыл 6 айға бас бостандығынан айыру жазасына кесілді. Қылмыстық кодекстің 63-бабы (Шартты түрде соттау) бойынша жаза шартты деп танылды", – делінген хабарламада.
Үкім заңды күшіне енген жоқ.
Айта кетейік, бұған дейін Түркістан облысында ер адам жүкті әйелін тексергені үшін фельдшерді соққыға жыққаны туралы жазған едік.

Желіде тілі шықпаған баланы қой ішегімен қылқындырғандардың видеосы тарады: Логопед-дефектолог ырымның үлкен қаупін айтты
