Қоғамдық тәртіпті әдейі бұзған ер адамның жеке басы анықталып, ол полиция бөліміне жеткізілді.
“Құқық бұзушыға қатысты “Қоғамдық орында мас күйде жүру” және “Ұсақ бұзақылық” баптары бойынша әкімшілік іс қозғалды. Оның әрекеті қоғамдық тәртіпті өрескел бұзып, айналасындағыларға құрметсіздік танытты. Материалдар сотқа жолданды”, – делінген хабарламада.
Полиция департаменті мұндай әрекеттердің заңға қайшы екенін атап өтті.
“Қоғамдық орын – білгенін істейтін жер емес. Мінез-құлық нормаларын әдейі елемеген әрбір адам жауапкершілікке тартылады”, – деп ескертті ведомство.
