Жамбыл облысында босанған әйел бір сағаттан соң сәбиі мен жатырынан айырылып қалды: Бірақ жәбірленуші арызын қайтарып алған

Фото: Жамбыл облысының әкімдігі
Жамбыл облысында босанған әйел бір сағаттан соң сәбиі мен жатырынан айырылып қалған. Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеев бұл жайттан хабардар екенін мәлімдеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
"Соңғы ақпарат бойынша арыз беруші арызын қайтарып алды. Пара талап етті деген дәрігер де арыз берген. Ұрып-соққан ба сондай бір жағдай болған. Сондықтан да, екі тарап та арыздарын қайтарып алды. Соған қарамастан тексеру жұмыстары жүргізіліп, денсаулық сақтау саласында қандай жүйелі мәселелер барын анықтап, шара қабылдаймыз. Тексерістің нәтижесін күтіп отырмыз", - деді әкім.
Журналист басқарма басшысына немесе аурухананың бас дәрігеріне ешқандай шара қолданылмай ма деп сұрады.
"Тексерістің нәтижесі бойынша шара қабылданады", - деді әкім.
Айта кетейік, бұған дейін Жамбыл облысында бала туғаннан кейін бір сағаттан соң шетінеп, анасы ауыр халде, оның жатыры алып тасталғаны хабарланған еді. Туыстары енді әділдік талап етеді. Сөздерінше, дәрігерлер әйелді бір аптаға жуық азаптап, ақшасы төленгенше ешқандай көмек көрсетпеген.
"Сан алуанын көрген соң жігіттерге қызығушылығым мүлде жоғалып кетті": Бодимассажбен айналысқан қазақстандық қыз бастан кешкенін айтты