Жамбыл облысында әкімдік қызметкері адамдарды 500 миллион теңгеге алдап, ақшаны бәске тіккен
Жамбылда әкімдік қызметкері қызмет бабы бойынша көмектесемін деп алдап, адамдардан жарты млрд теңге алған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Qazaqstan арнасына сілтеме жасап хабарлайды.

Фото: pixabay.com
Халықтың ақшасын қалтасына басқан қызметкер облыстық Жастар басқармасында 10 жылдай жұмыс істеген. 38 жастағы мемлекеттік қызметші алдымен ауылдастары мен жақын таныстарына тендер ұтып беремін деп сеніміне кірген.
Ал адамдардан алған ақшаны бәске тігуге жұмсаған. Сондай-ақ мемлекеттік сатып алу жұмысын жеңіп беремін деген желеумен ақша орнына пәтерлер де алған.
“205 миллион теңге сотталған азаматтан өндірілмеді. Ал жәбірленушілер кешірім берген жоқ. Оған 6 жыл 8 ай бас бостандығынан айыру жазасы кесілді. Жазасын орташа қауіпсіздік мекемесінде өтейтін болады”, – делінген ақпаратта.
"Қолымнан айырылып қалу алдында тұрмын": МӘМС арқылы уақытылы көмек ала алмаған қазақстандық ота кезегінің ұзаққа созылғанына наразы
"Жарты жылдан астам уақыттан бері ізімнен қалар емес": Сталкингтің қауіпті белгілері және одан қалай қорғануға болады?
Психолог сталкерлердің бастапқыда байқалмайтын белгілерін атады