Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Жамбыл облысында әкімдер жер телімдерін туыстарына таратып берген

Фото: depositphotos.com

Жамбыл облысында әкімдер жер телімдерін туыстарына таратып берген. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Жоғарғы соттың мәліметінше, Жамбыл облысындағы бірнеше ауданда лауазымды тұлғалар өздерінің жақын туыстарына заңсыз жолмен жер телімдерін пайдалану құқығын берген.

Мәселен, 2024 жылдың желтоқсан айында Полатқосшы ауылдық округі әкімі жұбайының анасына 1 жыл мерзімге 0,0692 га жер телімін бау-бақша өсіруге берген. Екі айдан кейін жер телімі коммерциялық мақсаттағы санатқа ауыстырылған.

Ал Қаратөбе ауылдық округі әкімінің әпкесі бау-бақша өсіру үшін 0,1 га жер теліміне, сондай-ақ жеке меншікте бұрын жалға алынған 0,0763 га жер теліміне құқық алған. Әкім әйелінің әкесіне 0,3500 гектар жер телімін берген.

Шенеуніктер мүдделер қақтығысы қаупі туралы хабарламай, сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар қабылдамаған. Осы әрекеттердің негізінде екі әкімшілік іс қозғалды.

Лауазымды тұлғалар өз кінәларын толық мойындады. Сот оларды кінәлі деп тауып, әрқайсысына 275 мың теңгеден әкімшілік айыппұл салу туралы шешім қабылдады.

Дана Русланқызы
Сейсенбі, 27 Мамыр, 2025 22:02
Талқылау