Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Жамбыл облысында спорт және әлеуметтік қорғау саласында 48 маман жалған дипломмен жұмыс істеген – Антикор

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Жамбыл облысын тексергеннен кейін спорт және әлеуметтік қорғау саласында 48 маманның жалған дипломмен жұмыс істегенін анықтады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: Рixabay.com

“Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің Жамбыл облысы бойынша департаменті спорт және халықты әлеуметтік қорғау саласындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне сыртқы талдау жүргізу барысында 48 жалған дипломды анықтады”, – делінген хабарламада.

Дипломдар деректер базасында және мұрағаттарда тіркелмеген болып шықты. Сонымен қатар онда көрсетілген ректордың тегі, аты және әкесінің аты ЖОО басшысының нақты деректерімен сәйкес келмейді.

Спорт мектебінің жаттықтырушыларынан бастап директордың орынбасарларына дейін жалған құжатпен жұмыс істеген. Осы уақытқа дейін оларға бюджеттен жалпы сомасы 349 миллион теңгеден астам жалақы төленген.



Бұған дейін "Семей орманы" кәсіпорнында 5 қызметкер жалған дипломмен жұмыс істегені туралы жазған едік.

Талқылау