Жамбыл облысында 12 жастағы қызды өз туысы бір жарым жыл бойы зорлап келген

Жамбыл облысы Шу ауданында 46 жастағы ер адам кәмелетке толмаған қызды бір жарым жыл бойы зорлаған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Күдікті жәбірленушіге алғаш рет 12 жасында аудандағы фермада жыныстық зорлық-зомбылық көрсеткен. Содан кейін ол оның қаржылық жағдайын пайдаланып, қылмысын қайталаған.
Іс Қылмыстық кодекстің 122-бабы (Көрінеу он алты жасқа толмаған адаммен жыныстық қатынас немесе сексуалдық сипаттағы өзге де әрекеттерді жасау, сол сияқты көрінеу кәмелетке толмаған адам көрсететін жезөкшелік қызметті, сексуалдық сипаттағы өзге де қызметті алу) бойынша қозғалды. Алайда кейінірек 120-бапқа (зорлау) қайта жіктелген.
Сот-медициналық сараптама тағайындалды.
Күдіктінің жәбірленушінің отбасының туысы екені белгілі болды. Қазір ол ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Айта кетейік, бұған дейін Түркістан облысында ер адам екі өгей қызын зорлады деген күдікке ілінгені туралы жазған едік.
"Жарыңа деген сенімсіздік немесе бала-шағаңмен далада қалу": Неке шарты дегеніміз не, оны жасау шынымен тиімді ме