Жамбыл облысында 10-сынып оқушысы өзіне қол жұмсады
Жамбыл облысы Көкбастау ауылында 10-сынып оқушысы өзіне қол жұмсады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: polisia.kz
Желіде тараған ақпаратқа сәйкес, өзіне қол салған 15 жастағы бала толық емес отбасыдағы алты баланың бірі. Ауылдастарының айтуынша, баланың әкесі 4 жыл бұрын көз жұмған.
"Балаларды анасы бір өзі тәрбиеледі. Ол отбасы туралы барлығы жақсы пікірде, балалары тәрбиелі. Суицид жасауға ешқандай бейімі жоқ", – делінген желідегі ақпаратта.
-
Атырауда 17 жастағы жасөспірімнің өзіне қол жұмсамақ болған сәті видеоға түсіп қалды (видео)
-
Талдықорғанда полиция қызметкері прокуратура ғимаратында өзіне қол жұмсамақ болды
Полиция депарменті ақпаратты растап, сотқа дейінгі тергеу басталғанын мәлімдеді.
"Оқиға орнында жедел тергеу тобы, прокуратура, Білім басқармасының қызметкерлері, психологтер және Жамбыл облысы бойынша бала құқықтары жөніндегі уәкіл жұмыс істеп жатыр", – делінген Жамбыл облыстық полиция департаментінің хабарламасында.
Еске салсақ, бұған дейін Жамбыл облысындағы бір ауылда екі жасөспірім өзіне қол жұмсағаны туралы жазған едік.