Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Жамбыл облысы полиция департаментінде даудан кейін жаңа басшы тағайындалды

полицияФото: Жамбыл облысы ПД

Қайсар Сұлтанбаев Жамбыл облысы полиция департаментінің бастығы болып тағайындалды. Жаңа ПД бастығын жеке құрамға Ішкі істер министрінің орынбасары Игорь Лепеха және Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеев таныстырды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Қайсар Әбілекұлы Сұлтанбаев ішкі істер органдарында 1990 жылдан бастап қызмет атқарады. Әр жылдары Батыс Қазақстан, Жамбыл, Қарағанды және Қостанай облыстарында басшылық қызметтер атқарған.

Сондай-ақ Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі комитетінің және департамент бастығы болған.

Еске сала кетейік, Жамбыл облысы полиция департаменті бастығының бұрынғы орынбасары 30 тамызда ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалған болатын. Оған дейін 29 тамызда Ішкі істер министрінің бұйрығымен қызметінен теріс себептермен босатылған еді.

"Жамбыл облысы ПД Өзіндік қауіпсіздік басқармасы ҚР Қылмыстық кодексінің 190-бабы (Алаяқтық) бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіп жатыр", - делінген Ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес, тергеу барысына қатысты өзге мәліметтер жария етуге жатпайды.

Айнұр Мұхади
Дүйсенбі, 06 Қазан, 2025 16:07
Талқылау