Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматы облысында жалғызбасты ана күйеу жігітін өлтірді деп күдіктеліп отыр

Алматы облысында жалғызбасты ана Өзбекстан азаматын өлтірді деген күдікке ілінді.

Сурет: Zakon.kz

Бұл туралы Алматы облыстық ІІД баспасөз қызметі хабарлады.

Іле аудандық ауруханасына пішақ жарақатын ер адам жеткізілген. Екі сағаттан кейін ер адам көз жұмған.

Полиция қызметкерлері 30 жастағы әйелді ұстады. Ер адам күдікті әйелдің үйінде жарақат алған екен.

Хабарланғандай, күдікті әйел Өзбекстан азаматына тұрмысқа шыққалы жүрген. Ол екі баласын жалғыз өзі тәрбиелеп отырған.

«Тұтқындалған әйелдің айтуынша, қайтыс болған ер адаммен араларында ұрыс туған. Сол кезде ер адам әйелдің қолына пышақ ұстатып, пышақты өз кеудесіне сұғып алған.

Күдікті әйелдің жауабы сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдарының барысында тексерілетін болады. ҚР ҚК «денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтiру, абайсызда жәбiрленушiнiң өліміне әкеп соғу» бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды», – деп мәлімдеді өңірлік ІІД баспасөз қызметіндегілер.

Адам өліміне күдікті деп танылған әйел ер адамның 27 жастағы Өзбекстан азаматы ретінде танысқанын айтты. Ол табыс табу үшін Әле ауданына келген екен.

«Зардап шегушінің қандай да бір құжаты табылмады. Осыған байланысты аудандық полиция қызметкерлері еңбекші мигранттар арасында тексеріс жүргізіп, қайтыс болған ер адамның тұлғасын анықтауға тырысып жатыр», – дейді ІІД баспасөз қызметі.

Күдіктіден ешқайда кетпеу туралы қолхат алынды.

Оқи отырыңыз:

Ақтөбенің 4 тұрғыны ДАИШ-ті насихаттағаны үшін ұсталды

Жол полициясы киімін киген ер адам көшеде қайыр тілеп отыр (видео)

Сейсмологтар Алматыдағы ең қауіпті жер сілкінісі ошақтарын атады

Тойда «тауық биін» билеген ата мен әже жұртты күлдірді

Талқылау