"Жалғызбасты әйел көп": Ақбота-Нұр жеке өмірінен сыр шертті
Танымал әнші Ақбота-Нұр жеке өмірінен сыр шертіп, жалғызбасты әйелдердің мұңын айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: Жеке парақшадан алынды
Ол "1001 түн" бағдарламасына сұхбат беріп, тағдырына өкінбейтінін жеткізді.
“Өмірде түрлі нәрсе болады, неше түрлі жағдай мен қиындық болады. Ақ пен қарадан тұратыны да белгілі. Бір кездері бал-бұл жайнап, бақытты өмір сүруің мүмкін. Ертесіне бүкіл байлығыңнан, денсаулығыңнан айырылып, ешкімге керек емес халде болып қалуың да мүмкін. Егер Алла Тағала дәл осы қалпымда тағы да жарататын болса, мен дәл осы өміріммен өмір сүретін едім. Өйткені мен өміріме өкінбейтін адаммын. "Өкінбе сен" дейді ғой. Тек құлаған-сүрінген сәттерде алға қарай ұмтылу керек. Сол кезде ғана сен жетістікке жетесің, сол кезде ғана бақытты әрі батыр әйел боласың”, – деп ойын бөлісті әнші.
Сондай-ақ өнер иесі сәтсіз некесінен кейін екі баласын қалай тәрбиелеп жатқанын да айтты.
“Мен сияқты жалғызбасты, екі баласы бар аналар қаншама?! Мен ғана емес, қаншама әйелдер ажырасып жатыр. Неше түрлі жағдайлар болып жатыр. Біреу біреудің әйелін өлтіріп жатыр, күйеуі қасақана жасап жатыр дегендей. Бірақ осыған сынбай, сүрінбей, өз бала-шағасын тартып, бауырларына көмектесіп жүрген қаншама әйел бар. Мен жалғыз емеспін. Сондай әйелдердің бірі – өзіммін", – деді актриса.
Еске салайық, өнер иесі бұрынғы жұбайы, актер Дәурен Айдарқұловпен бірге концерт жүргізетінін айтқан еді.